Жұмыс жүк тасымалы апаттарының санын азайтуға бағытталған. Инспекторлар ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен бірге қажетті құжаттардың, оның ішінде жүк құжаттарының бар-жоғын, сондай-ақ автокөлік иелерінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін тексереді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексерулер негізсіз емес. Полицейлер жүк көліктерінің қатысуымен болған апаттардың себептері мен жағдайларын зерттей отырып, жол қауіпсіздігін бұзудың көптеген фактілерін анықтайды.
Көбінесе ауыр жүк көліктерінің иелері кәсіпкерлік қызметті жасырып кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Сонымен қатар, вагондардың техникалық жай-күйін сапар алдында бақылау, жүргізушілердің алдын-ала тексерулерден өтуі, машиналарды тахографтармен жабдықтау және жүргізушілердің жұмыс және тынығу жағдайларын сақтау туралы заңнаманың талаптары орындалмайды.
Алдын-алу шараларының барысында жүргізушілердің ҚР ӘҚК-нің 590 баптың 5-тармағымен - 32, 590 баптың 7-тармағымен -12, 601 баптың 1-тармағымен - 4 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, жүк көліктерінің мемлекеттік белгілері тәркіленіп, 6 көлік айыппұл тұрағына жабылды. Тәртіп сақшылары қала ішіне көліктер тазалықсыз, ластану дөңгелегімен кіретін болса заң бұзушылыққа жататынын ескертіп, жүк көлік жүргізушілері мен жеке кәсіпкер жүк көлігінің назарына жол көлік ережелерінің талаптарына бағынуды тапсырды.
Маңғыстау облысы