Олар аталған нысандарда уақытылы дезинфекциялануды, қол жуатын сусабын және тағы да басқа жеке антисептикалық заттардың болуы, кассада кезектің сақталуы сияқты жұмыстарды тексерді. Нысандарды аралау барысында халық көп шоғырланатын «Алатау» сауда үйіндегі супермаркетте бірқатар талаптардың орындалмағаны анықталды. Атап айтсақ, санитарлық тазалықтың сақталмауына байланысты ескерту берілді. Келесі жолы қайталанатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ал, «Ардагер» сауда үйіндегі тамақ дүкені мен «Дана» супермаркеті санитарлық талапқа сай жұмыс жасауда.
Жалпы, барлығына президенттің жарлығына сәйкес жасақталған Ақтау қаласы әкімдігінің ұсыным хаты таратылып, жұмыскерлер арасында түсіндірме жүргізілді.
Қалған сауда орталықтары уақытында 18.00-де жабылып, қойылған талаптарды орындауда. Тексеру жұмыстары әрі қарай жалғасын табады, аталған сауда нысандары бақылауда болады.
Маңғыстау облысы