Сабақ барысында тәртіп сақшылары актерлік дағдыларын көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті.
Тілдерді оқыту орталығында барлығы 50-ден аса полицей білім алуда. ПД-нің жеке құрамында қызмет ететін түрлі ұлт өкілдері жыл сайын бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген сынды топтарға бөлінеді.
Сабақ барысында қызметкерлер үш топқа бөлінді - «халық», «құқық», «тіл». Ашық сабақ полицей мамандығының ерекшелігіне сәйкес әзірленді.
Мысалы, бірінші тапсырмада полиция қызметкерлері берілген мәтінді қазақ тіліне аудару қажет болатын. Бұл тапсырманы алғашқылардың бірі болып «Құқық» командасының полиция капитаны Аванесян Виген орындады.
- Мен екі жыл бойы тілдерді оқыту орталығында білім алып келемін. Орталықта тек ауызекі тілді ғана емес, әдебиетті де үйретеді. Біздің қызметте адамдармен жиі қазақ тілінде сөйлесуге тура келеді. Орталықта алған білімімнің қызметімде пайдасы зор екенін атап өткім келеді, - дейді полиция аға лейтенанты Инесса Александровна Бортникова.
Маңғыстау облысы