Бүгінгі таңда төтенше жағдайда бизнесте кездескен қиыншылықтарды шешуде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан арнайы штаб құрылды. Онда келіп түскен сауалдардың 57% несиеге қатысты, ал бизнес нысандардың жабылуы туралы 17%, тауар өндірушілерді қаржылай қолдау 12% құрайды.
- Бүгінде халықты бетпердемен қамту мәселесі өзекті. Сондықтан да бұрын бұл кәсіппен кәсіби түрде айналыспаған шеберханалар, тігіншілер толықтай бетперде тігуді қолға алды. Күніне Ақтауда - 5500, Жаңаөзенде 8 000, Бейнеу ауданында 2500, Қарақияда - 1 000, Маңғыстау ауданында 1500, Мұнайлы - 3 000, Түпқараған ауданында - 4 000-ға жуық бетперде тігіледі. Әлі де сұранысты өтеу үшін жұмыс істейміз. Маталар мен шикізаттарды жеткізіп, тасымалдау жолдарын әкімдікпен бірігіп шешіп отырмыз, - деді МО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасайұлы
Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 1432 нөмірлі call орталығы қоңырау қабылдаудап, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын өсірмеу туралы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Алдағы уақытта кәсіпкерлердің несиелік, ғимараттарды жалға алу төлемдері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу міндеттемелері бойынша мәселелер жеке-жеке қарастырылатын болады. Сондай-ақ, банктер несие төлеудегі қиындықтарға қатысты өтініш жазған кәсіпкерлерге 90 күндік мерзіммен жеңілдіктер қарастыруда.
Маңғыстау облысы