![Түлкібас ауданындағы 10 мектепте шағын цех ашылды](/media/2020/03/21/crop-26_16_826x1239_tulkibas-2.jpg)
Мысалы, Асанбай Асқаров атындағы орта мектептің директоры Шәкір Айнақұлов медициналық қорғаныс құралдарын тігуге мұғалімдердің өздері ниет білдіргенін айтады. Шағын 10 цех бір күнде 10 мыңдай бетперде тіге алады. Бұл орайда Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков игі іске қолдау көрсететін демеушілер тартуда. Қайырымдылық шараға кіріскен аудандық мектептердің еңбек пәні мұғалімдері мен техникалық қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар мен еріктілер көмекке келді.
Барлық қорғану құралдарын жергілікті аз қамтылған отбасыларға тегін таратып беру көзделген. Бетперделерді тігуге қажетті шикізат жергілікті сауда орындарынан сатып алынған. Сапасы мен талапқа сай болуын арнайы сала мамандары бақылауда ұстайды.
Түркістан облысы