Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Ақтаулық ерікті жастар халыққа медициналық бетпердені тегін таратты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарияланған төтенше жағдайдан кейін медициналық бетперделердің тапшылығы әр өңірде сезіліп жатыр.

Ақтаулық ерікті жастар халыққа медициналық бетпердені тегін таратты

Осы орайда Ақтау қаласының жастары, яғни волонтерлар халыққа тегін медициналық бетперде дайындаған болатын. Сонымен қатар, бұл игі істі қаладағы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен көпбалалы аналар қолдады. Бұл медициналық бетперделер Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарына тегін түрде таратылатын болады.

Бетперделер базарларда, қоғамдық көліктерде және жұмыспен қамту орталықтарында таратылуда.

Қала бойынша қазіргі таңда, кәсіпкерлер тарапынан 7280 бетперде тігілді, оның 1510 тегін таратылды, 1550-ін дәріханалар алды, қалғаны мекемелерге берілді және ательелерден сатылды.

Алдағы уақытта бетперделер санын  7500-8000-ға жеткізіп, одан әрі санын арттыру мәселесі межеленген.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10