Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Жолдарға полиция бекеттері қойылды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бекеттер Атырау-Бейнеу және Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан тас жолында орналасқан. Жолдар ашық болады. Бірақ тексеруден өту керек. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Жолдарға полиция бекеттері қойылды

Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысына келетін және облыстан шығатын азаматтарды тексеретін болады.

Тәртіп сақшыларымен бірге медициналық мекемелердің қызметкерлері кезекшілік етеді.

Бекеттер 15 сәуірге дейін тұратын болады. Оларға тәулік бойы полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері денсаулығы болмай тұрған адамдарды немесе шекарадан заңсыз өтуге тырысатындарды анықтау үшін кезекшілік етеді.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдар ашық және шығу мен кіру бойынша шектеу жоқ.

 

Маңғыстау облысы