Бизнес • 21 Наурыз, 2020

«Қазақтелеком» кәсіпкерлерге карантин кезінде ыңғайлы сервистер ұсынады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» АҚ кәсіпкерлерге қажетті құжаттарды жедел алу және электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша ыңғайлы сервистермен ismet.kz алаңын пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.

«Қазақтелеком» кәсіпкерлерге карантин кезінде ыңғайлы сервистер ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ коронавирус пандемиясы салдарынан елдегі төтенше жағдайға байланысты, клиенттерге қамқорлық көрсете отырып, кәсіпкерлерге ismet.kz онлайн-алаңды пайдалануды ұсынады.

ISMET.kz — бұл бизнеске арналған платформа, онда кәсіпкерлер үшін заманауи IT-шешімдер, мемлекеттік қолдау шаралары мен оқыту материалдары жинақталған. Платформада заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін арнайы интернет, телефония және теледидар қызметтері көрсетілген. Бұл алаңның пайдаланушылары кез келген бизнес ауқымы үшін бұлтты дата-орталықтар мен серверлерді таңдауға қолжетімді.

Бұны пайдалану үшін кәсіпкерлерге платформада тіркелу қажет. Толық нұсқауларды мына сілтеме бойынша табуға болады https://www.ismet.kz/ru/community/news/vernyy-sposob-zashchitit-sebya-ot.

Платформада қызметкерлерді іріктеу, серіктестерді іздеу, құжат айналымы, кассалық, бухгалтерлік және салық есебі сияқты үдерістерді реттеуге және автоматтандыруға көмектесетін Қазақстандық IT-компаниялардың жаңа әзірлемелері ұсынылып, тұрақты түрде орналастырылады. Коммуникацияға арналған функционалдар: блогтар, сұрақ-жауаптар және бизнес жаңалықтары ismet.kz сайтында іске асырылды. іsmet.kz пайдаланушылары бухгалтерия, салық салу, заңтану, сондай-ақ, кедендік рәсімдер мен мемлекеттік сатып алу саласында тегін кеңестер ала алады. 

АЛМАТЫ