2020 жылдың 21 наурызынан бастап 25 наурызына дейін барлық, оның ішінде екінші деңгейлі банктердегі айырбастау пункттері да 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс режиміне ауысады.
Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасына төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 отырысының хаттамасына орай Алматы қаласындағы карантин және төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың төрағасы Қаулы етіп, онда қалада орналасқан айырбастау пункттерінің жұмыс режимін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін анықтау, осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының орынбасары – Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапановқа жүктелді.
Шешім 2020 жылдың 21 наурызынан бастап күшіне енеді.
АЛМАТЫ