24 Тамыз, 2013

Жапонның Нара қаласының тұрғындары бұғымен бірге тұрады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Япония-Пятнистый олень-1

Жапонияның Нара қаласының тұрғындары табиғаттың кез келген қолайсыз жағдайларының өзін көтеруге бар. Мұны Ресейдің «ОРТ-Бірінші арна» телевидениесі көрсеткен бір хабар анық байқатады.

Аталмыш қала жұрты қазіргі күндері жер бетінде өте аз қалған теңбіл бұғыларды өз үйлерінде ұстайды. Өздеірне жасалып отырған жақсы жағдайлар мен ешбір шектеудің жоқ екенін сезінген жануарлар күні бойы қала көшелерін кезіп жүретін әдет тапқан. Бұл жол бойларында кептелектердің жиі орын алуына апарып соқтырып отыр.

Шынында да бұл қалада бұғыларға қарсы ешбір заң жоқ. Сондықтан магистраль бойында ұйықтап жатқан кездерінде оларды ешкім де қуа алмайды. Демек, айналып өту керек.  

Мәселе мынада, бұл жердің тұрғындары мың жылдан бері осы ережені берік ұстанып келе жатыр. Халық арасына кеңінен тараған аңыздардың бірінің айтуынша, мифиологиялық бұғы барлық аша тұяқты жануарлардың арғы тегі болып саналады. Оны жер бетіне Жапонияның бірінші императоры түсіріпті-міс. Мұнда бұғыға қатысты рұқсат етілетін бір ғана нәрсе – оған керекті азықты сатып алып, жақсылап тойдыру ғана. Қалған жәйттердің бірде-біріне рұқсат жоқ.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32