Қазақстан • 21 Наурыз, 2020

Шетелдегі қазақстандық туристер елге қайтарылады

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша туристік операторлар арқылы келетін қазақстандық туристердің саны 5914 адамды құрады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков онлайн баспасөз брифингінде хабарлады.

Шетелдегі қазақстандық туристер елге қайтарылады

Олардын Египет - 2652; Біріккен Араб Әмірліктері - 1391; Тайланд - 404; Үндістан - 490; Мальдивтер - 254; Шри-Ланка - 231; Вьетнам - 140; Доминикана Республикасы - 115; Түркия - 83; Чехия -47; Малайзия - 50; Куба - 10; басқа елдерде - 37 жерлесіміз жүр.

21 наурыздағы сағат 12-дегі жағдай бойынша 14 чартерлік рейс ұйымдастырылды. Олар бойынша 2 818 адам елге әкелінді, Египеттен - 8 рейске 1791 адам; Үндістаннан - 230 адамға бір рейс; Мальдивтен 227 адамға арналған бір рейс; БАӘ-тен 347 адамға екі рейс; Тайландтан 235 адамға бір рейс, РФ арқылы транзитпен 21 адамға 1 рейс ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта наурыздың 18-нен 23-не дейін 3840 адамды шығару бойынша жалпы 19 рейс қарастырылған.

1022 туристі қамтитын 5 рейс қалып отыр, оның ішінде 733 жолаушысы бар 4 рейс (Египет, Шри-Ланка және РФ) бүгінге жоспарланған. 

Сонымен қатар, тұрақты рейстермен 1879 адамнан 1695 адам қайтып келді. 

- Қазіргі уақытта шетелдегі 379 азаматты қайтару қалды, оның 319-і 23 наурызға дейін Ресей арқылы транзитпен қайтуда. Атап өткен жөн, шетелдік, соның ішінде қазақстандық азаматтардың Ресей Федерациясының аумағына кіруіне тыйым салу мәселесі орын алды. Осыған байланысты Қазақстанның 55 азаматы Ресей әуежайларына    19 мен 20 наурыз аралығында ұшып келген транзит аймағында қалып, Қазақстанға орала алмады. Аталған мәселе ел басшылығы тарапынан шешімін тапты. Алдағы 2-3 күн ішінде Ресей Федерациясы арқылы елге транзитпен келе жатқан қазақстандық туристер осындай қиындықтарға ұшырамайды деп үміттенеміз. Алайда, бүгінгі жағдайда біз жайлылық пен ыңғайлылыққа 100% кепілдік бере алмаймыз, себебі елге оралу кезінде әртүрлі елдерден келген топтарды жинақтау біраз уақыт алуы мүмкін. Мысалы, Доминиканнан, Вьетнамнан, Тайландтан, Кубадан және басқа елдерден 5-тен 30 адамға дейінгі топтар ұшып келеді және ұшақты тиімді бағыттау үшін оларды кем дегенде 100 адамнан тұратын топқа жинау керек, - деді Дастан Рыспеков.

Соңғы жаңалықтар