Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Петропавлда полицияның ұйғарымын орындамаған 7 тұлғаға айыппұл салынды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыс мезгілінде жолдарды, жақын маңды, шатырларды қардан және мұздан аршып, тазалықты сақтау жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады. Осы мәселелердің орындалуын тексеру үшін Петропавлдың учаскелік инспекторлары 12 мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде абаттандыру ережелерін елемеген 372 адамға ескерту жасалды және ережені қайта бұзғаны үшін 29 тұлғаға айыппұл салынды.

Петропавлда полицияның ұйғарымын орындамаған 7  тұлғаға айыппұл салынды

Қазір күн жылынып, аулалардан қар кетіп жатыр. Жергілікті полиция қызметкерлері халыққа және шағын бизнес өкілдеріне жақын маңды қоқыстан тазарту, сыртқы жақты ретке келтіру қажеттігі жайлы ескертуде. Сонымен бірге, облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жөнінде әкімшілік полиция қызметкерлерімен жүргізілетін жұмыс өзектілігін жоғалтқан емес. Биыл қыста Петропавл және облыс жолдарында 230-дан астам тексеріс жүргізілді. Жолды қардан дұрыс тазаламау фактілері бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдардың басшылығына 250-ден астам ұйғарым жолданды. Оларды орындамағаны үшін жол ұйымдарының басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері арасынан 7 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. «Бүгінгі таңда жұмыстың басты бағыты - су тасқынына дайындыққа көшу болып табылады», - дейді СҚО ПД ӘПБ бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. – «Маңызды міндеттердің бірі - жолдарды тасқыннан қорғауға мүмкіндік беретін су өткізгіштерді тазарту бойынша жол қызметінің жұмысына бақылау жасау. Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында барлығы 1185 су өткізгіш орналасқан. Оның 792-і бүгінгі күнге дейін тазартылды».

Солтүстік Қазақстан облысы