Әлем бойынша өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 1630 адам көз жұмды. Ең көп адам шығыны болған ел – Италия – бір күнде 793 адам бақилық болды. Ал тағы 6557 адам ауру жұқтырып үлгерген. Жалпы, елде 53 мың 578 адам коронавирус жұқтырған.
Ал Испанияда бір тәулікте 285 адам көз жұмды. Індет басталғалы бері бұл елде вирустан 1378 адам қайтыс болды. Бір күнде 3925 адам ауру жұқтырған. Жалпы, коронавирус жұқтырғандар саны – 25 мың 496 адам.
Иранда бір тәулікте 123 адам қайтыс болды, барлығы 1556 адам көз жұмды. Жаңадан ауру жұқтырғандар саны — 966, жалпы, 20610 адам қауіпті вирус жұқтырған.
Францияда — бір тәулікте 112 адам қайтыс болған, ал індет басталғалы бері 562 адам бақилық болған. Бұл елде бір күнде 1847 адам ауру жұқтырған, жалпы аурулар саны 14459 адамға жетті.
АҚШ-та өткен тәулікте 6728 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бір күнде 68 адам көз жұмды, індет басталғалы бері ажал құшқандар саны 324-ке жетті. 26 111 адам ауру жұқтырған.
Қытайда бір тәулікте 46 адам вирус жұқтырды. Коронавирус жұқтырған 6 адам көз жұмды. Жалпы Қытай бойынша 81054 адам вирус жұқтырған.
Қазақстанда 22 наурыздағы таңертеңгі жағдай бойынша барлығы 56 адамның COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырғаны расталды.
Атап айтсақ, Нұр-Сұлтанда – 31 адам, Алматыда – 22, Қарағандыда – екі, Алматы облысында 1 адам тіркелді.