Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Мархабат Байғұт: Елдің бірлігі, бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында аса мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне, көп балалы отбасылар, жалғызілікті аналарға ылғалды майлықтар, антисептик, медициналық бетперде, қағаз майлық пен азық- түлік таратылуда.

Мархабат Байғұт: Елдің бірлігі, бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді

Мысалы, «Nur Otan»  партиясы Сайрам аудандық филиалының мүшелері және еріктілердің дәнекерлігімен 130 отбасы аталған көмекке қол жеткізді. Бұл игі істер Елбасы бастамасымен жарияланған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы шеңберінде атқарылып жатқаны мәлім. «Ел басына осындай қиыншылық түскен кезде бірігу арқылы ғана жеңіп шығатынымыз аян. Әсіресе, кәсібін дөңгелетіп, ел игілігі жолында еңбек етіп жатқан жеке кәсіпкерлердің осындайда жомарттық танытуы қуантарлық жағдай. Елбасы барлық Қазақстан азаматтарына, оның ішінде кәсіп иелеріне ерекше үндеу жолдады. Аты жаман аурудан халықты аман алып шығу үшін өз үлестерін қосуға шақырды. Жаны жомарттыққа жақын Түркістанның атымтай жомарт азаматтары бірден бұл үндеуге қолдау білдірді. Арыс оқиғасы кезінде талайға шарапаты тиген «Түркістан» қорына қаражат аударып, аурудың кең таралуының алдын-алуы үшін көмек көрсетер кәсіпкерлер шықты. Оның үстіне барлық саланың қызметкерлері бір күндік айлық ақыларын аударып, үлестерін қосуда. Міне, елдің бірлігі, бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді.

Жұмыла көтерген жүктің ауыр болмайтынын дәлелдеп, біз бұл қиындықты да бірлікпен, темірдей тәртіппен, жоғары жауапкершілікпен, талапшылдықпен, тазалықпен жеңіп шығарымызға кәміл сенемін», дейді жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт.

Түркістан облысы