Коронавирустық инфекцияның таралуы себебінен орын алған жағдайға байланысты медициналық бетперде сұранысқа ие бұйымдардың біріне айналды.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры таяуда басталған #BizBirgemiz челленджін қолдап, бүгін тігін цехы жұмыс орындарында 100-ден аса мед.бетперде тігіп, театр әртістері Екатерина Максим және Данил Хомко қала тұрғындарына тегін таратып берді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтар өткізіліп жатқан акцияға сенбеушілік танытқан еді. Алайда, сүйікті әртістерін танып, ұсынылған бұйымдарды қуана қабыл алды.
Айта кету керек, театр тігіншілері өз әріптестерін де ұмытқан емес. Оларға да бетперде тігіліп, ыстық бумен өңделген соң, герметикалық пакетке оратылды.
Акция аяқталған соң театрымыздың тұрақты көрермендері әкімшілікке алғыстарын жеткізді. Театрдың көп жылдан бері көрермені Марина Досанованың айтуынша, елде қандай қиындық болғанда да, әртістер оны жеңіп шығуға үлестерін қосуға дайын тұрған, әлі де дайын тұр. Ол табиғи апат, төтенше жағдай, тіпті соғыс қимылдары болса да, шығармашылық адамдар қалыс қалған емес. Театр қызметкерлері бұл челлендж қала тұрғындары арасында қолдау тапса, қайталауға дайын екендерін жеткізді.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыздың өз денсаулықтарын күтіп, мед.бетперде тағу, антисептик қолдану мәдениетін әлі де үйрету керек екенін баса айтты және осыны қысқа мерзімде орындау міндетін ел үкіметіне жүктеді.
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады
Ауа райы • Бүгін, 11:17
Ауа райы • Бүгін, 10:45
Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 10:23
Мүфтият Жанат Бақыттың жазбаларына қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Бүгін Карина Ибрагимова финалда бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 09:13
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар