Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Биыл Ақтауда теңіз жағалауында туристік-қонақ үй кешені салынады

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылы экономиканың түрлі салаларында жалпы құны 111 млрд теңгеге 17 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» экономикалық аймағы басқарма басшысы Бекбол Орынбасаров «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығы» алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Биыл Ақтауда теңіз жағалауында туристік-қонақ үй кешені салынады

Оның ішінде «Орда өндірістік компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны - 86,6 млн теңге, 35 жұмыс орны құрылатын, пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсаны деп белгіленген шикі қантты қайта өңдейтін және оның негізінде қант пен  оның негізінде науат өндіретін шағын зауыт салу және пайдалану, құны - 871 млн теңге, 30 жұмыс орнына негізделген, 2020 жылдың 2 тоқсанында пайдалануға берілетін «Болат орталығы» ЖШС металлургия зауытының құрылысы, «PERAPLASTIC SEZ» ЖШС-ның жобалық құны - 2 800 млн теңге тұратын 200 жұмыс орны құрылатын полипропилен қаптамасын өндіру зауыты, пайдалануға беру күні 2020 жылға белгіленген, сондай-ақ «Достық Полимер Плюс» ЖШС полимерлі қаптамаларын шығаратын зауыттың құрылысы, аталған жобаның құны - 295 млн теңге болса, 32 жұмыс орны, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы пайдалануға беріледі деп межеленген.

«OSS Kazakhstan» ЖШС мұнай кен орны мен бұрғылау жабдықтарын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша өндірістік цехтың құрылысының жобалық құны - 1100 млн теңгеге есептелген, 50 жұмыс орны құрылады деп күтіледі, жобаны пайдалануға беру мерзімі 2020 жылды ңекінші тоқсаны деп белгіленген. Өңдеу өнеркәсібінде жоғарыда аталғандай 5 жобаны іске қосу жоспарланған болса, туризм саласында Ақтау қаласының аумағында, Түркиядағы «Ақтау оизмизмі» ЖШС-нің «Жағажай» аймағында құны 60,800 млн теңге, 635 жұмыс орны құрылатын туристік-қонақ үй кешенінің құрылысын салу жобасы бар. Жобаның бірінші кезеңін пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың 4-тоқсанына белгіленген.

 

Маңғыстау облысы