Халықаралық федерация мұндай қадамға коронавирус індетінің таралуына байланысты барып отыр.
«Бұл әлемдегі хоккейсүйер қауым үшін үлкен соққы. Бірақ көнуге тура келеді. Коронавирус ғаламдық проблемаға айналды. Қауіпті вирус таралмау үшін бүкіл әлем болып күресуіміз қажет. IIHF бұл күреске қолдау көрсету үшін аянып қалмайды. Әзірге спорттық іс-шараларды кейінге қалдырып, коронавирусқа қарсы күрескен мемлекеттік органдарды қолдауымыз қажет», деді IIHF президенті Рене Фазель.
Айта кетейік, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысуы тиіс болған әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған-ды.