Қазіргі қолда бар дерекке қарағанда Ресей астанасы Мәскеуден Ақтөбе қаласына ұшып келген жолаушы Қазақстан азаматы болып отыр. Бұл жөнінде Egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев былай деп хабарлады.
- Індет жұқтырған азамат ұшақ трапынан түсірілгеннен кейін шұғыл арнайы әзірленген орынға жеткізіліп оқшауланды. Қазіргі сәтте науқасқа қажетті барлық емдом шаралары жүргізілуде, - деді ол.