Коронавирус • 23 Наурыз, 2020

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90 пайызы ауруханадан шықты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл  мәліметті бүгін  РИА Новости хабарлады. 

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90 пайызы ауруханадан шықты

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда   коронавирус белгісімен есепке алынғандардың жалпы саны 81 мың адамға жетті.

Сонымен қатар ауруханадан 72,7 мың адам шығарылды.

Эпидемия басталғаннан бері Қытайда Хубэй провинциясында тіркеусіз 13 293 жұқтыру жағдайы тіркелді, 117 науқас қайтыс болды.

Өлім-жітім 0,88 пайызды құрады.

Хубэй провинциясының эпицентрінде 67,800 жұқтыру оқиғасы анықталды. 3153 адам қайтыс болды, өлім деңгейі 4,65 пайызды құрады.

Сондай-ақ Шанхай билігі COVID-19 арқасында енгізілген төтенше жағдайлардың ең жоғары деңгейін төмендеткені белгілі болды.

Сонымен бірге коронавирус Сирияға жетті: алғашқы инфекция оқиғасы осы жерде тіркелді. Өзбекстандағы науқастардың саны 45 адамға жетті.

Қазақстанда 60 адамнан  COVID-19 белгісі анықталып, ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар