Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Түркістан: Полицияның 300-ге жуық қоғамдық көмекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындардың жұмыс тәртібіне қатысты өзгертулер мен шектеулердің орындалуын бақылау мақсатында «Сақшы» арнайы жобасы бастау алып, рейдтік шаралар жүргізілуде. 

Түркістан: Полицияның 300-ге жуық қоғамдық көмекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен олардың қоғамдық  көмекшілері  қала  аумағында дәмхана, мейрамхана мен дүкендерді аралап, қауіпсіздіктің қатаң сақталуын, нысандарға кірер есіктерде антисептикалық құралдардың болуын тексерді. Қоғамдық көмекшілер төтенше жағдай талаптарын сақтау жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық жергілікті атқарушы және құзырлы органдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Айта кетелік, төтенше жағдай режимін сақтамаған 13 нысан иесі және 2 азамат үйінде той жасауы себепті жауапқа тартылды.  Жалпы облыс бойынша 300-ге жуық азамат рейдтік шараларға қатысып, полиция қызметкерлеріне көмектесуде.