Әлем • 23 Наурыз, 2020

АҚШ коронавируспен күресте есептеуіш техникаларын пайдаланады

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚ Үй, Энергетика министрлігі және IBM COVID-19 қарсы вакцина ойлап табу үшін барлық есептеуіш техникаларын жұмылдыруды жоспарлап отыр. Жобаға Microsoft, Google, Amazon, Массачусетс университеті, NASA жұмылдырылған.

АҚШ коронавируспен күресте есептеуіш техникаларын пайдаланады

Өнімділігі жоғары мықты компьютерлер концорциумы 16 жүйеден тұрады әрі коронавирус инфекциясына қарсы барлық құрылғыларды барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл компьютерлердің қуаты эпидемиология, биоинформатика және молекулярлық модельдеу салаларындағы ғылыми шешімдерді табуда тиімділігі жоғары.

Кейбір жағдайларда суперкомпьютерлердің ғылыми шешімдерді бірнеше сағатқа қысқарту мүмкіндігі бар.

 

АЛМАТЫ