Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Түркістандық жастар қазіргі жағдайда аса қажетті заттарды таратуда

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ерікті жастар Кентау, Арыс қалаларындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен мектеп-интернатында коронавирустың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістандық жастар қазіргі жағдайда аса қажетті заттарды таратуда

Балалар үйіне медициналық залалсыздандыру сұйықтықтары  және тазартқыш құралдарын, сондай-ақ қорғаныс маскалар мен дәрумендер сынды қазіргі жағдайда аса қажетті заттарды таратты. Ал Түркістанда қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүргендерге, құрылыс алаңдарындағы жұмысшыларға, аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға 2000-ға жуық  медициналық маска мен 10 литрге жуық антисептикалық сұйықтық таратты.

Сондай-ақ жастар Төлеби, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласында орналасқан облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен қарттар үйіне, мектеп–интернаттарына  да  осындай қолдаулар көрсетті. Облыс жастары мен еріктілер қамқорлық таныту бағытындағы бұл игі іс-шараларды  алдағы  уақытта  да өңірдің барлық аудандарында  жалғастырмақ.