Қоғам • 23 Наурыз, 2020

Қазақ радиосы төтенше жағдай кезінде балаларға 200-ден астам ертегі ұсынады

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел құлағы жастықта жатқанда естілетін «Қайырлы таң, Қазақ елі!» деген жарқын үн елдегі төтенше жағдай кезінде де өз қалпынан танбақ емес. Коронавирус деп дүрліккен жандарды сабырға шақырып, үйде отырған карантин кезінде ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдебиеті пен мәдениет жайында тәулік бойы хабарын жалғастыра береді.

Қазақ радиосы төтенше жағдай кезінде балаларға 200-ден астам  ертегі ұсынады

Қазақ радиосы деректеріне сүйенетін болсақ,  толқында шығатын 60-қе жуық хабардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Өткен жылы Тұлға», «Жүректің көзі ашылса», «Түскі шай», «Тапқыр бала», «Жақсының жақсылығын айт», «Спорт-Арена», «Шіркін-ай», «Балаларға базарлық» т.б. 12 жаңа бағдарлама тыңдарманға жол тартқан.

Бүгінде тәулік бойы еліміздің тоқсан пайызға жуық аумағына хабар таратын радио  елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты екі жүзден астам ертегіні балалардың назарына ұсынып отыр.

Қазақ радиосындағы ертегілерді  https://qazradio.fm/kz/programs/10060/ сілтемесі арқылы тыңдауға болады.