Оның айтуынша, Италияда эпидемияның өршуіне байланысты тестілеу стратегиясына өзгеріс енгізілген. Ломбардияда вирус анықталған кезде вирусқа шалдыққандардың барлығына тест жасалған. Бірақ ары қарай вирусқа шалдыққандардың тым көбейіп кетуі мен материалдардың жетіспеушілігінен коронавирусқа тесті ауыр жағдайдағы науқастар мен тәуекелді топқа жататындарға ғана жасау туралы шешім қабылданған.
Қазіргі кезде Италия коронавирусқа шалдыққандар саны жағынан Еуропада алдыңғы орында тұр, тіптен қайтыс болғандар Қытай көрсеткішісінен асып түскен.
Бұдан бұрын мәлім болғанындай, Италия басшылығы жаңа типтегі коронавируспен күресте америкалық әскерилер көмегіне жүгінген. Италия тарапы Вашингтоннан маскалар мен жасанды тыныстандыру құрылғыларымен көмектесуді сұраған болатын.