
Швейцария мемлекетінің бір тұрғыны Еуропаға кеңінен танымал EuroMillions лотерея ойынынан 93 мл. еуродан астам ақша ұтып алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Жергілікті БАҚ жазып отырғандай, бұл Швейцариядағы ең ірі ұтыс болып отыр. 2001 жылы тағы швейцариялық азамат EuroMillions лотереясынан 58 млн. еуродан артық ақша ұтып алыпты. Бұл ойынның бір лотерея билеті екі еуро тұрады. Ал оған қатысушылар саны 200 млн. адам көрінеді.
Бұдан бұрын Британияның 45 жасар Георгий Трайков деген нәсілі болгар тұрғыны бір жарым жылда екі рет ірі ұтысқа ие болып, 1.1 млн. фунт тапқан екен.
Мұрат Айтқожа.