Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Ақтөбеде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемияның ауыр шеңгелі еліміздің батыс өңіріне де ауыз сала бастады. Бұлай деуіміздің де басты себебі 2020 22 наурызы күні Ақтөбеде коронавирус баткериясын жұқтырған әйел адамның тіркелгені болып отыр. Бұл жөнінде жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне 2020 жылдың 23 наурызы күні таңертеңгі сағат 9-00 де өткізілген тікелей эфир кезінде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев хабарлады.

Ақтөбеде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты

Оның айтуынша Ресей астанасы Мәскеуден ұшып келіп Ақтөбе әуежайына қонған ұшақтың салонында экипаж мүшелерін қоспағанда елу сегіз жолаушы болған. Сол сәтте олардың бәрі тест тәсілі бойынша тексеруден өткізілген кезде бір әйел адам коронавирус дертін жұқтырған деген күдікпен ерекшеленіп, тест нәтижесінде бұл жағымсыз жәйт толығымен расталды. Бұдан соң тұрғылықты мекен-жәйі Ақтөбе болып табылатын әйел- азаматша облыс орталығындағы провизорлық госпитальге жеткізілген. Қазіргі кезде науқастың жәй-күйі қалыпты деңгейде деді газет тілшісіне одан әрі Ә.Қалиев. Бұған қоса ағзасында коронавирус белгісі табылған ақтөбелік әйелмен бірге ұшып келген 56 жолаушы да тестіден өткізілген соң провизорлық госпитальге апарылып оқшауланған.

Тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау және қауіпсіздікті сақтау жөніндегі Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қазіргі кезде олардың жәй-күйі қанағаттанарлық жағдайда екенін жеткізді. Сондай-ақ оның айтуынша ұшақ салонындағы жолаушыларды арнайы әзірленген орталыққа орналастырған салалық қызметкерлердің бәрі де тиісті тәртіп бойынша оқшауланып, госпитальге жатқызылған.

Тікелей эфирге қатысқан жауапты тұлғалар тұтастай алғанда қазіргі кезде Ақтөбе облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты екенін мәлімдеді. Ақтөбе қаласы корантинге жабыла ма? Деген БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалға олар. Бұл сауалға жауап қайтару тікелей өз құзырлары мен өкілеттілігіне кірмейтінін, әйтсе де әзірге мұндай жағдай күтіліп отырмағанын, әрі оған негіз жоқ екенін айтып берді.

Тікелей эфирде жасалған басты түйін бұдан кейінгі күндері өңірде бақылау мен сақтандыру шаралары барынша күшейтілетіні тұрғысынан өрбіді.

 

АҚТӨБЕ