Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

207 қазақстандық елге оралды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация күшімен отандастарымызды қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 207 қазақстандық аман-есен елге оралды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

207 қазақстандық елге оралды

Арнайы чартерлік рейсті екі елдің авиациялық биліктері мен Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің қолдауымен Scat әуе компаниясы орындады.

Айта кету керек, жолаушылардың басым бөлігі ұшуын бірнеше күн бойы күткен Еуропада оқитын қазақстандық студенттер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польша коронавирус пандемиясының таралуына қарсы тұру үшін өз елінің шекарасын жауып, халықаралық әуе тасымалдарын тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.