Surveillance app қосымшасы COVID-19 күресте пайдаланылады, оны жасау барысында көптеген бағдарламалар мен қозғалыс трекерлері қолданылған. Монғолияның Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссиясы мәліметтері бойынша Баян-Өлгий, Дархан-Уул, Хубсугул, Хэнтий, Баянхонгор және Завхан аймақтарында 2 мыңнан астам адам карантинге жабылған. Олар 14 күннен кейін карантиннен шығатын болады.
Карантин кезінде үйден шыққандар құқықбұзушылық бойынша заңмен жазаланады. Құқық қорғау органдары мобильді қосымша арқылы бақылап отырады, сондықтан да ұялы байланысты өшіруге тыйым салынған. Мобильді қосымшалар пандемиямен күресте әлем елдерінде іске қосылған.