Спорт • 24 Наурыз, 2020

Еурокубок финалы кейінге қалдырылды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) ресми сайтында коронавирус пандемиясына байланысты Еурокубок бәсекелерінің финалы кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Еурокубок финалы кейінге қалдырылды

Ресми мәліметке сүйенсек, ерлер арасындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойындары белгісіз мерзімге шегерілді. Финалдың нақты уақыты алдағы уақытта хабарланады делінген.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Ыстамбұлдағы (Түркия) «Ататүрік Олимпиадалық стадионында» өтуі керек болған. Ал Еуропа лигасының финалы 27 мамырда Гданьск (Польша) қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өтеді деп жоспарланған-ды.

Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 ойындары тоқтап тұр.