
Жүрдек пойыз Астанадан 22 сағаттың ішінде жолаушыларын Атырауға жеткізеді. 2 тәуліктік жол енді 2 есе қысқарып отыр. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
«Атырау-Астана» бағытына қатынайтын бұл состав 22 вагоннан тұрады. Соның ішінде мүгедектерге арналған арнайы купе де бар. Вагонда температураны қалыпты ұстайтын озық жабдық орналастырылған
Осыған дейін мүгедектерге арнайы купе қарастыру мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. Сол іс енді қолға алынып отыр. Республикадағы мүгедектер ұйымының мүшелері жоғарыдағы қолайлы мүмкіндік барлық пойыздарда қарастырылса деген тілектерін білдіреді.
Данияр Түймебай.