Спорт • 24 Наурыз, 2020

Әлемнің ең жас әрі ең қымбат футболшысы кім?

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

CIES Football Observatory зерттеу компаниясы 2000 жылдары туған Еуропадағы ТОП-5 чемпионаттың ең қымбат футболшылар тізімін жариялады.

Әлемнің ең жас әрі ең қымбат футболшысы кім?

Ала допты серік еткен футбол отанының өкілі Джейдон Санчо жас әрі қымбат футболшылардың көшін бастап тұр. Англия және дортмундтық «Боруссия» клубының жартылай қорғаушысын CIES Football Observatory 198,5 миллион еуроға бағалаған. Екінші орынға Санчоның командаласы Эрлинг Холанд жайғасты. Норвегиялық футболшының құны – 101,5 миллион еуро. Үздік үштікті «Реал» өкілі Родриго түйіндеді. Бразилиялық футболшыны өз командасында көрігісі келетіндер 88,9 миллион еуроға сатып ала алады.

Сондай-ақ ең қымбат жас футболшылардың рейтингіне Винисиус Жуниор («Реал») 73,9, Каллум Хадсон-Одои («Челси») 72,3, Ферран Торрес («Валенсия») 55,2, Эдуардо Камавинга («Ренн») 53, Мэйсон Гринвуд («Манчестер Юнайтед») 50,6, Фил Фоден («Манчестер Сити») 50,4 және Мойзе Кин («Эвертон») 46 миллион еуроға бағаланған болашағынан үміт күттіретін талантты ойыншылар енді.

CIES компаниясы рейтингті футболшылардың жасын, ойын деңгейін және клубтың қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып жасаған.

Соңғы жаңалықтар