Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Семейде аялдамалар дезинфекциялық құралдармен өңделуде

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей ақпараттақы оорталығынан хабарлағандай,кешегі күннен бастап қалалық аялдамаларды кальций гидрохлоридімен дезинфекциялау жұмыстары басталды.

Семейде аялдамалар дезинфекциялық құралдармен өңделуде

Аялдамаларды өңдеу жұмыстары бір уақытта қаланың оң және сол жағалауында басталды. Сонымен, дезинфекция құралдарымен  «Топографиялық колледж», «Орталық» және т.б. аялдамалары аялдамалары тазартылды. Дезинфекция жұмыстары қалалық барлық аялдамалары өңделгенге дейін жалғасады.  

Санитарлық өңдеу қалалық кәсіпорындарда да жүргізілуде. Инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында қалалық әкімдікте бүгін бюджет ұйымдарының, базарлар мен білім беру мекемелерінің өкілдеріне дезинфекциялық ерітін тегін таратылды. Бір күнде 8 мың текше метр дезинфекциялық ерітінді жіберілді.