Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұзартылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Сондай-ақ, бұрын мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айрылғандар, ішкілікті күйде рөлге қайтадан отыратын болса кешірім жоқ. Осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады.

Айта кету керек, өзгерістердің бәрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасында көрсетілген.