Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Дауыл тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып әкетті

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қатты желдің салдарынан тұрғын үй мен әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан шатырсыз қалды. Нақтырақ айтсақ, Сайрам ауданындағы №41 Мәдени мектебінің шатырының 1 136 шаршы метр профнастилін жел ұшырып жіберген. Сондай-ақ аудандағы тағы бір мектептің шатыры желдің екпінінен зақымдалған.

Түркістан: Дауыл тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып әкетті

Ал 23 наурыз күні кешкісін Бәйдібек ауданында 21 м/с екпінімен соққан желдің салдарынан Алғабас ауылында орналасқан орта мектептің 91 шаршы метр профнастилі қираған. Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жел тұрғын үйдің шатырын түгел ұшырып жіберген. Кентау қаласында 24 наурыз күні орталық аурухананың 200 шаршы метр шатырын жел түгел ұшырып әкетті. Сонымен қатар, №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің, «Электрон» дүкенінің, Ясауи көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің шатырын да жел ұшырып жіберген. Былтыр ғана пайдалануға берілген Кентау қаласындағы «Еркетай» жекеменшік балабақшасы да шатырсыз қалды. Биыл пайдалануға берілген «Дін асыл-2» жекеменшік балабақшасының, сондай-ақ саз мектебінің де шатыры дүлей желге төтеп бере алмай желге ұшты.

ч

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық жағдайда адамдар дін аман, ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға орнында құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.

 

Түркістан облысы