Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістанда азық-түлік неге қымбаттады?

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері облыс орталығы Түркістанда бірқатар азық-түлік бағасының өсуі байқалған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды.

Түркістанда азық-түлік неге қымбаттады?

Түркістан қаласындағы  «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарларында көрші облыстардың көтерме сатып алушыларының ірі көлемде азық-түлікті сыртқа әкетуінен негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 30-40 теңгеге (40-60 пайыз) қымбаттап, тауар тапшылығы орын алғаны анықталды. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің жетекшілігіндегі мобильді топ өңірдегі сауда нысандардағы бағаның көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспарын бекітіп, толық құрамда базарларға шықты. Барлық кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарынан келген кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды.

р

Сондай-ақ мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап,  азық-түлік дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.

 

Түркістан облысы