Айта кету керек, балалар ауруханасына жедел жәрдем бригадасының көмегімен жеткізілген және өздері барған 93 баланың 14 аурухананың түрлі бөлімшелеріне жатқызылған болатын.
Травматология бөлімшесіне қаралған 43 баланың ішінде 4-і хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Ал инфекциялық аурумен жолыққан 55 балаға түрлі диагноз қойылған, педиатрия бөлімшесіне 25 бала қаралды, оның 12-сі бір жасқа дейінгі балалар.
76 балаға амбулаторлық ем алу жөнінде кеңес берілген. Жалпы кезекшілік тыныш өтті, жаппай улану немесе жарақат алып жеткізілгендер болған жоқ.
Маңғыстау облысы