Тексерістер барысында СҚО-да Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзудың 25 фактісі анықталды. Соның ішінде жергілікті полиция қызметкерлері Петропавлда соңғы тәулік ішінде компьютерлік клубтардың бірінің сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуінің бір фактісін анықтады. Оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзушылықтарға айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.
Демалыс күндері облыс орталығында барлығы ТЖ режімін бұзудың 8 фактісі тіркелді, оның 7-і - дәмхана иелері тарапынан болған. Аудан орталықтарында да ТЖ режімін бұзуға жол берілген. Мәселен, Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында сағат 22-ден кейін келушілері болған дәмхана иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Кәсіпкердің қандай жазаға тартылатынын сот шешетін болады.
"ТЖ режімінің көздейтін басты мақсаты - коронавирустық инфекцияның таралуына тосқауыл болу мақсатындағы қағидаларды сақтау. Адамдар мұндай шектеулерге түсіністікпен қарауы тиіс, бұл, бірінші кезекте, азаматтардың өздерінің қауіпсіздігі үшін қажет. Сондықтан оны мүлтіксіз сақтауға шақырамыз" дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Солтүстік Қазақстан облысы