Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Дәрігерлер сақтану жолдарын түсіндірді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдауға дайын, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған.

Түркістан: Дәрігерлер сақтану жолдарын түсіндірді

Бұл туралы облыстық клиникалық ауруханасының инфекционист-дәрігері Татьяна Қасымова мәлімдеді. Ал облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас эпидемиолог - дәрігері Гүлнар Төлепова коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тұрғындар ұстанулары тиіс профилактикалық шараларды, яғни сақтану жолдарын түсіндірді.

«Әлемді алаңдатып отырған вируспен күресте қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, науқас адамдармен (ЖРВИ) қарым-қатынаста болмау,  дене қызуының көтерілуі, жөтелу, қиын демалу белгілері болса 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмек шақыру қажет» деді Г.Төлепова.

Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс реаниматологы Вячеслав Цай дәрігерлер бүкіл әлемді дүрліктірген індетке қарсы бірнеше рет оқу курстарынан өткенін айтып өтті. Сондай-ақ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындарға 1406 телефоны және өңір бойынша 109 нөмірі арқылы шұғыл ақпараттық орталығына хабарласуларына болатынын жеткізді.

 

 

Түркістан облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар