Басқарма басшысы науқастың 24 наурыз күні карантиндік стационарға жатқызылғанын хабарлады. Науқастың дене қызуы жоқ, жағдайы бірқалыпты. Сондай-ақ, Марат Жұманқұлов бүгінде науқастың мамандардың бақылауында екенін жеткізді. Бүгінгі таңда науқаспен 13 адамның байланыста болғаны анықталып, олар каранитнге оқшауланған. Олардың мекенжайы және орналасқан жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімдігі елге келген соң аталған тұрғынға зертханалық тексерудің жүргізілгенін, алдын ала жүргізілген талдаулар қорытындысы коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Алынған биоматериалдар қосымша зерттеу үшін Алматы қаласына жіберілген. Соңғы нәтижелер зертханалық зерттеу қорытындысы алынғаннан кейін жарияланады.
Айта кетейік, осы орайда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Т.Рысқұлов ауданы тұрғынының коронавируспен ауырғаны жайлы ақпарат таратылуда. Алайда, мұндай хабарламалардың шындыққа сай келмейтінін атап өткен жөн.
Жамбыл облысы