Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында 2 жобаны іске қосу көзделген. Оның бірі құны - 438,7 млн теңге тұратын «Жамалбек» ЖШС-ның Мұнайлы ауданында бордақылау зауытының құрылысы. Жобада 30 жұмыс орны құрылады деп күтіледі, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, «Ақтау-Агро» ЖШС Түпқараған ауданында құс фабрикасының құрылысын салуға кірісті. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы пайдалануға берілуі белгіленген құны1300 млн теңгеге есептелген жоба жүзеге асқанда 91 жұмыс орны құрылмақ.
Ал қызмет көрсету саласында «Қауіпсіз аула» CCTV жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, сұйытылған газ сақтау қоймасын қайта құру сынды екі жобаны іске қосу жоспарланған. Ақтау қаласында «Dynamics business Technologies» ЖШС қолға алған «Қауіпсіз аула» жобасының құны 1906 млн теңге болса,7 жұмыс орны құрылады деп күтіледі және қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылдың 1 жартыжылдығы. Қазіргі таңда 70 дана көлемінде тіректердің іргетасы қаланды, оларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал сұйытылған газ сақтау қоймасын қайта құру ісі Маңғыстау индустриалды паркі »ЖШС« Ақтауоблгаз» ЖШС-де қолға алынған. Жоба құны - 350 млн теңге, 12 жұмыс орны құрылмақ, жаңа жоба ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп белгіленген.
Маңғыстау облысы