«Қазақстан» телерадиокорпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық арна ешқашан өзектілігін жоймайтын, адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы кино тілінде сөйлетуді мақсат етіп отыр. Телехикая оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалатын болады.
⠀
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 20 бөлімнен тұратын көркем фильмге актерлерді таңдау онлайн кастинг арқылы жүргізіледі. Телехикая кейіпкерлері 5 пен 70 жас аралығын қамтиды.
⠀
Кастингке қатысу туралы өтініштер www.cinexus.kz сайты арқылы қабылданады.