Әлем • 25 Наурыз, 2020

АҚШ коронавирустың ошағына айналып барады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы АҚШ-тың коронавирустың жаңа ошағы болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. ДДСҰ ресми өкілі Маргарет Харрис Еуропа мен АҚШ қазіргі кезде коронавирус өршіген аумақтар қатарында тұрғандығын жеткізді. Вирусқа шалдыққандардың 85% бір тәулікте осы аймақта анықталса, оның 40% пайызы АҚШ аумағында тіркелген.

АҚШ коронавирустың ошағына айналып барады

Reuters мәліметтері АҚШ-та коронарвирустан көз жұмғандар саны 560-тан асып, жұқтырғандар санының елу мыңға жуықтап қалғанын  растайды.  Қазіргі кезде АҚШ Қытай мен Италиядан кейінгі орында тұр. Вирус өршіген аумақтар ретінде Вашингтон, Калифорния және Нью-Йоркта  карантин жарияланған.

АҚШ Президенті Ақ үйде өткен брифингте коронавирустың ел экономикасына әсеріне қарамастан, бірінші кезекте денсаулық сақтау органдарының айтқанына құлақ түріп, сақтық шараларының экономикаға кері әсеріне де назар аудармайтындығын жеткізді. Қазіргі кезде әскерилер барлық аудандарды бақылауға алып, жұртшылықтың көшеге шықпауын қадағалауда. Дегенмен бірқатар ресми өкілдер федералды үкіметтің бірлескен іс-қимылын сынға алып, жергілікті өзін-өзі басқару әрекеттерінің тасымалдау барысында бәсекелестік туғызғанын айтқан болатын. Алайда Трамп әлемде маска және жасанды тыныстандыру аппараттары нарығындағы жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан, штатты қажетті құралдармен қамтамасыз етуге тырысудамыз, деп атап өтті.

 

АЛМАТЫ