Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Акция аясында 1500 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Nur Otan партиясы бастамасымен өткізіліп жатқан "Біз біргеміз!"  акциясы аясында өңірдегі аудан, қалаларда 690 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Түркістан: Акция аясында 1500 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Партияның "Кедергісіз келешек",  "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық"  жобалары арқылы жалғызілікті қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағдайы өте төмен тұрғындарға қолдау көрсетілуде.  Коронавируске қарсы күрес, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы акцияға партия филиалдары, аудан, қала әкімдері,  жасотандықтар, ерікті жастар және жомарт кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары белсенді атсалысуда. 
Бастапқыда 1300-дей отбасыға көмек беру жоспарланған болатын. Алайда тұрғындардың өтініштері бойынша бұл тізім 1500-ге ұлғайып отыр.
"Бүгінгідей сын сәтте халықпен бірге болып, қолдан келгенше мұқтаж жандарға көмектесуіміз керек. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен өңірде бұл акция жоғары деңгейде өтіп жатыр" деді Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Мерекелік демалыс күндері де жұмысты тоқтатпаған жастар мен еріктілер, партия өкілдері игі істі жалғастырып, демеушілер, ел азаматтары тарапынан түскен қаржыға алынған азық-түлікті аудан, ауылдарға жеткізуде.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар