Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда пандемияны ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қосымша республикалық қор құру туралы ұсынысына Қостанай облысындағы іргелі кәсіпорындар қолдау білдіруде. Аймақта індетке қарсы «Densaylyq Qostanai» қоры құрылып, оған елдегі ахуалға бейжай қарай алмайтын елжанды азаматтар, жеке кәсіпкерлер қаржы аудара бастаған.

Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды

Игі бастамаға енді іргелі кәсіпорындар қосылды. Мәселен, «Варваринск» АҚ мен «Комаров тау-кен кәсіпорны» серіктестігі қорға 20 млн теңге аударып отыр. Кәсіпорынның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Антон Трухановтың айтуынша, бұл қаржы індеттің алдын алу шараларына, сондай-ақ, дезинфекциялық құралдар мен медициналық маска алуға жұмсалады. Кәсіпорын бұған дейін де Бейімбет Майлин ауданындағы мемлекеттік қызметшілерге медициналық маска тігу үшін «Большевичка» тігін фабрикасына 1 млн теңге аударған. 

Бүгінде Қостанай облысында короновирус індетін жұқтырғандар жоқ. Қазір облыста 40 адам госпитальда жатыр. 196 адам – үй карантинінде.  Эпидемиялық ахуал тұрақты.   

 

Қостанай облысы