- Біз жеткенде баспалдақ алаңында тұрғындар жиылып қалыпты. Өрт сөндірушілерді күтіп тұратын уақыт жоқ. Көмекке шақырған дауысты естіп, аузымызға дымқыл шүберек байлап алып, дереу жанып жатқан пәтердің ішіне ендік. Қою түтін түк көрсетпейді, әйтеуір қабырғаны сипай жүріп дауыс шыққан жаққа жылжыдық, - деді полиция аға сержанты Мақсұт Досыбаев.
Зейнеткерді өрт құшағынан сыртқа алып шыққан полицейлер зағиптің өтінуімен өрт шыққан пәтерге екінші рет кіріп, мүгедек арбасын алып шығады.
Арнайы қызмет келісімен, өрт сөндіріліп, оқиғаның себебі анықталды. Өрттің шығуына электр сымының тұтануы себеп болған.
Қостанай облысы