Жол полициясы қызметкерлері үшін бұл саналы іс. Қызмет борышы бойынша оларға көбінесе зардап шеккен адамдарды көруге тура келеді, олар өмірді құтқару үшін қан құю аса қажет екенін біледі.
Қызмет барысында олар апаттардан зардап шеккен адамдарды басқаларға қарағанда жиі кездестіреді, олар өмірді сақтау үшін қан құю қаншалықты қажет екенін біледі.
- Бiз қызмет барысында жол-көлiк оқиғасына барып адамдардын ауыр жағдайда жатқанын көремiз. Қан орталығына қан тапсырып, адам өмірін арашалауға көмек көрсеткіміз келеді, - деді Ақтау қаласы ПД ЖПБ командирінің орынбасары, полиция капитаны Ерлан Отаров.
- Полиция қызметкерлері үнемі донор болып келедi және барлық азаматтарға бұл жағдайға бей-жәй карамауға шақырамын, - дейді Мұнайлы ауданы ПБ патрульдік полиция қызметі ротасы командирінің орынбасары, полиция капитаны Асқан Қадырчаев.
Барлық полиция қызметкерлері донорлықтың әдеттегі тәртібі талап еткендей, қан алу аппаратына қосылғанға дейін, талдаулар тапсырып, дәрігерлiк тексеруден өтті.
Маңғыстау облысы