Атап айтқанда Ақтау қаласы1 шағынаудандағы «Шағала» қонақ үйінің жаны, 22 шағынаудан «Шағын Оймаша» және 33 шағынауданы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінің жанынан зиянды заттарға, яғни шаң, күйеге сынамалар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Нәтижесінде, атмосфералық ауа сынамалары ластаушы заттар шекті рұқсат концентрациясынан аспайтындығын көрсетті.
Осыған сәйкес, эколог мамандар алынған сынамалар қорытындысы, тұрғындарға аталған жәйт ешқандай зияны жоқ екендігін көрсетіп отырғандығын айтады.
-Бұл кәдімгі табиғи құбылыс. Ол адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Бұл шаң адамдардың киімдерін сәл ғана бүлдіруі мүмкін. Оның үстіне, бұған дейін Қазгидромет мекемесі үстіміздегі жылдың 25 наурызында Маңғыстау облысы 10-15 метр секундына дейінгі шаңды дауылдар пайда болу қатері бар екендігі жөнінде хабарлаған болатын, дейді экология департаментінің өкілдері.
Маңғыстау облысы