Саясат • 26 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 16 нау­­­­рызда арнайы жедел штаб құрды.  Оған 3 күн ішінде 6 мыңға жуық өтініш түс­кен. Елдегі жағдайға байланысты компаниялар жұмысшы­ларын қыс­қартуға мәжбүр. Кәсіпкерлер шикі­зат­тың жетіспеушілігінен әрі күрт қым­бат­тауынан зардап шегіп отыр. Соған орай Үкіметтен ғимарат және жер жалдау ақысын төлеу мерзімін ұзартуды, салықтан уақытша босатуды сұрайды.

– Бұл қиындықтардың дені шека­ра­н­ың жабылуы мен арнайы қауіпсіздік ша­­ра­­ларын енгізу салдарынан туындап отыр. Жалпы өтініш жіберген компа­ния­­лар­­дың 85 пайызы – шағын бизнес, 13 па­­йызы – орта бизнес, 2 пайызы – ірі биз­­нес өкіл­дері. Өтініш жасаған компа­ния­­лар­дың жар­тысы Нұр-Сұлтан мен Ал­ма­ты қалалары­на тиесілі, – дейді Н.Бөкейханов.

Кәсіпкерлердің 60 пайызы  қаржылай қиындыққа тап болған. Сондықтан кәсіпорындар еңбек ресурстарын сақ­тауға өтемақы беруді сұрап отыр.

– Айтылған ұсыныстар мемлекеттік орган­дарға жіберілді. Олармен арнайы шара­лар жүргізіліп жатыр. Ең бірінші қол­данылатын шара – кәсіпкерлерді салықтан босату. Алдағы жаңалықтарды кәсіпкерлер atameken.kz порталынан біле алады, – деді Ш.Темір. Оның айтуынша, кейбір банкте тұтынушыларына жеңілдіктер жасаған. Олардың несие бойынша міндеттемелерін 90 күнге кейін шегеріпті. Бүгінде бұл жұмыстарды басқа да банктер қолға алуда.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кә­­­­сіп­­­керлер палатасы толықтай онлайн ре­­­­жім­ге көшті. Соған сай кәсіпкерлерге ар­­­­­на­йы call-центр ұйымдастырған. Кез кел­­­­­ген кәсіпкер 1432 нөміріне хабар­ла­­сып, кө­­кей­­дегі сұрақтарына жауап ала алады.