Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Полицейлер ерікті жастарды жұмысқа шақыруда

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментi Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 16-22 жас аралығындағы жастарды ерікті жұмысқа шақыруда. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Полицейлер ерікті жастарды жұмысқа шақыруда

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 15 ерiктi жастар ұйымы тіркелген, онда 104 ерiктi қатысушы бар. Сондай-ақ облыс бойынша 115 мектеп жанындағы отрядта 841 полицияның жас көмекшілерінің еріктілерi жұмыс істейді.

Сонымен қатар 187 адам құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың 19 студенттік көмек отрядтарының қатысушылары болып табылады. Олардың қызметінің негізгі бағыты кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп патрульдеу, оқу орындарында мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мектеп, колледж және студенттер арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Ерікті бірлестіктердің белсенді қатысушылары бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталып, облыстық семинарларға қатысады.