Дезинфекция жұмыстары адам көп жүретін 21 120 шаршы метр аумаққа орналасқан «Ынтымақ» алаңынан, аумағы 20 370 шаршы метрді құрайтын «Жеңіс» алаңынан және Теңіз жағалауынан басталды. Қауіпсіздік шаралары күнде таңертең 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі. Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын, сондай-ақ АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдалануда.
Ерітінділердің адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіздігі айтылуда.
Маңғыстау облысы